Әлеуметтік желіде жан ұшыра айқайлаған жас әйелдің видеосы тарап кетті. Бұл оқиға Шымкент қаласының төртінші шағынауданында орын алған. Түн ортасында айқайды естіген бойда көршілері көмекке жүгірген. Олар қызды алдымен жерде сүйреп, бірнеше рет ұрып, қинап көлікке салып алып кеткенін айтады. Куәгерлер оқиға орнында полицияға шағым түсірген. Ал Құқық қорғау органдары мұның отбасылық жанжал екенін айтады. […]