Ерекше бүлдіршіндердің сапалы білім алуы үшін Кентауда арнайы орталықтар жетіспейді

Сәуір айының алғашқы жексенбісі дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Аутизм дерті соңғы жылдары дендеп барады. Түркістан облысында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны 24 мыңға жеткен. Олардың қатарында аутизммен ауыратындары да бар. Ерекше балаларды ортаға қосу үшін сапалы біліммен қамтамасыз ету керек. Ал, Кентау қаласында тұратын зерденің күрделі бұзылысымен ауыратындар білім алуы үшін Түркістандағы инклюзивті орталыққа келуге мәжбүр. Бұл балалардың әлемі бөлек. Олар зерденің күрделі бұзылысымен дүниеге келген. Сондықтан, ерекше күтім мен қолдауды қажет етеді. Сонда да ата-аналары балаларын қатарынан кем қылмай, әлеуметтік ортаға бейімдегісі келеді. Ләззат та 9 жастағы ұлының білім алуы үшін күнде Кентаудан Түркістанға келуге ерінген емес. Қос қаланың арасы жақын болғанымен, "Ерекше балалар жолға шыдамайды", - дейді. ЛӘЗЗАТ ҚЫДЫРАЛИЕВА АНАСЫ  «Алып келу оңай емес. Ұйқысы қанбай келе жатқаннан кейін, ол су ішкісі келеді, далаға шыққысы келеді, тоқтап біреуіміз ұстап тұрамыз, біріміз шығартып аламыз. Жолда қиыншылықтар болды қыстың күні. Бұзылған күндер болды. Балалар жаурап қалған күндер болды. Аурып қалды.»   Ерекше балалардың ата-анасы зердесінің күрделі бұзылысы бар балаларға инклюзивті білім беретін сыныптар Кентау қаласында да ашылса дейді. Кенді шаһарда зердесінде ауытқушылығы бар балаларға арналған оқу қабинеттері жұмыс істейді. Ол орталықта дерттің жеңіл түріне шалдыққандар білім алады. Ал аутизмнің ауыр түріне шалдыққандарға білім беретін арнайы сыныптар жоқтың қасы. БАЛЖАН СТАМКУЛОВА АНАСЫ  «Кентау қаласында зердесі жеңіл балалар мектепте білім алады. №1,2,14 мектептерде инклузиялық сыныптар бар. Бірақ ол жерде біздің балаларамызды қабылдамайды. Өйткені біздің балаларымызда зердесінің күрделі бұзылыстары бар. Біздің талабымыз осы ерекше балаларға арналған инклюзивті білімді беретін мектепті ашып беруді талап етеміз.»   Аутизм - ғасыр дерті. Бұл балалардың ақыл-есі өзгелерден кеш дамиды. Мамандар ерекше ойлайтын балалардың арасында дарындылардың көптеп кездесетінін айтады. Оларды үнемі қолдап, қоғамға бейімдеп отыру қажет. Сондықтан, аутист балалар үшін көпшілікпен бірге дәріс алған пайдалы көрінеді. НҰРЖАМАЛ ЖАНДАРБЕКОВА ЛОГОПЕД МАМАНЫ   «Негізі үйде оқытылатын балалар да бар. Ал, енді қазіргі таңда бізге келіп жатқан балалардың айырмашылығы ол балалар қоғамға қосылмайды үйде отырып. Ал, бұл жерге келген балалар қоғаммен сыныптастарымен бірге оқиды, қоғамға қосылады, ашылады, сөйлейді, бір-бірімен қарым қатынас құрады. Өте үлкен айырмашылығы бар.» Сәуір айының алғашқы жексенбісі дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні. Елімізде соңғы жылдары дерттің осы түрімен ауыратын балалар көбейіп барады. Әсіресе, "цифрлық аутизм" дерті дендеп кетті. Оның басты себебі - аналардың дүниеге жаңа келген баласына гаджет беріп, телефонға тәуелді етуі. Елімізде аутизммен ауыратын балалардың саны 12 мыңға жетіп жығылады. Әлем ғалымдары миында ақауы бар балаларға дұрыс білім берілсе, олардың 60-70 пайызы қоғамға жақсы бейімделіп, дамып кететінін айтады.

Читать источник turkistan.tv
Turkish Airlines ресми түрде әлемнің ең көп елдеріне рейс жасайтын әуе компаниясы ретінде Гиннес кітабына енді
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Ғани Қайназаров Қазақстан футбол федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
Терроризмді насихаттағаны үшін бас бостандығынан айырылды
Жыл жетістігі: Шымкентте 552 отбасына тұрғын үй сертификаты берілді
Жалпыға бірдей декларацияны жаңа жылдан бастап кімдер тапсырады?
Президент шыршасы: Шымкентте 300 оқушыға ел басшысының сый-сияпаты табысталды 
Мемлекеттік қызметтегі жаңа толқын: Шенеуніктердің жүгі жеңілдейтін болды
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Елордадан Атбасар мен Көкшетауға жүретін жаңа жылдық электропойыз жолға шықты
«Қара бауыр қасқалдақ»: Желтоқсан оқиғасын суреттейтін әйгілі әннің шығу тарихын білесіз бе
Алматыда 20 жастағы жігітті жол бойында пышақтап кеткен
Айгүл Иманбаева ағылшындардың Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты
Есімі ер есінде: Биыл белгілі журналист Ахметбек Ибраевтың туғанына 100 жыл толды
Қарағандыда саяхатшыларды алдаған алаяқ сотталды
Әкелі-балалы хоккейшілер ойын ортасында жаға жыртысып қалды – ВИДЕО
Астанада ломбард тонаған шетелдік азаматтар ұсталды
"19 горилла сынақтан өтіп жатыр": Жануарлар да банктен шот ашуға мүмкіндік алуы ықтимал
ТЖМ құтқарушылары егде жастағы әйелге көмек көрсетті
Бай болудың құпиясы: 50 жылдық зерттеу нәтижесінде табысты болудың сыры ашылды
2025 – жұмысшы мамандықтар жылы: мамандар қалай білім алып жаты
Астанада запастағы әскерилерге арналған әлеуметтік қолдау орталығы ашылды (ФОТО)
ШҚО-да Қазақстан Республикасы Президентінің жаңажылдық шыршасы өтті
Қатерлі аурулардың қаупін арттырады: Ғалымдар шай қалташаларының зиян екенін анықтады