29 қазан Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, – деп хабарлайды Ақорда. «Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 29 қазанда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімінде. Бүгін күндіз Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің […]