Еліміздің жанармай құю станцияларында 15 қыркүйектен бастап дизель отынын цифрлық сату жүйесі енгізіледі. Үкімет басшысы салалық министрлікке осындай тапсырма берді. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, қазір тәуліктік лимиттерді бақылаудың цифрлық жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінде жедел штабтар құрылды. Мамандар күн сайын қалдықтарға мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ, […]