Есеп комитеті әлеуметтік аудит өткізуді ұсынды. Бұл туралы еліміздің жоғарғы аудит органының басшысы Наталья Годунова елордада ЭКОСАИ ынтымақтастық ұйымы мүшелерінің кездесуінде айтты. Жиында 11 елдің өкілдері осы саладағы жұмысты жетілдіру бағытына ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты. Әлеуметтік аудит халықтың жағдайын тереңінен түсініп, қажетті шаралар қабылдауға көмектесетіні айтылды.