Түркістанда құнды мұра, қасиетті орындар мен зиярат ету туризмі бойынша өтіп жатқан Халықаралық конференция жалғасуда. Оған тәжірибе алмасу үшін 20 елден 60-қа жуық сарапшы келген. Олар «Киелі туризм саласындағы білім беру мекемелерінің халықаралық ынтымақтастығы» панельдік сессиясы аясында киелі орындарға зиярат ету туризмін қалай дамытуға болады? Оның мүмкіндігі мен келешегі қандай? Осы бағытта білім алатын студент жастардың біліктілігін қалыптастырудағы тарихи экскурсиялардың рөлі жайында пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Пленарлық отырыста бірнеше тақырыптар қозғалды. Атап айтқанда, тарихи қалалық ландшафтар, туризмді дамыту жолдары мен нысанды сақтау мәселесі. Орталық Азиядағы киелі орындардың тарихы да сөз болады. Сондай ақ, киелі орындардағы туризмді дамытудың ерекшеліктері де назардан тыс қалмады. БАХАДҮР БІЛӘЛОВ – ӘЗІРБАЙЖАН УНИВЕРСИТЕТІ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ - Ең алдымен бұл конференцияға шақырған ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Шынымды айтсам, Түркістанға, Қазқастанға алғаш келуім. Мейірімді адамдары мен жылы атмосферасы мені таң қалдырды. Осындай басқосулар арқылы түркі халықтары бір-біріне жақындай түседі десем артық айтқаным емес. Себебі түркі елдері, түркі халқы бірге болуы керек. Жалпы конференция аясында туризм саласына қатысты түрлі тақырыптар айтылып жатыр. Бұлардың барлығы біз үшін өте маңызды. Қасиетті орын, құнды мұра тақырыбын арқау еткен жиынға әлемнің 20 елінен 60-қа жуық сарапшы келген. Олар студенттердің біліктілігін жетілдірудегі тарихи экскурсиялардың рөлі жайында пікір алысты. Басқосуда еліміздің киелі орындары мен географиясына кіретін мәдени мұралардың қазіргі жай күйі мен мәселесі де қозғалды. ЛЕПУДА МҰҚАТАЕВА – М.С. НӘРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ - Мұндай жиынды өткізудің маңыздылығы ерекше. Әрі қажетті дүние. Әсіресе студенттер үшін. Олар мұндағы баяндамаларды тыңдап отырып, біраз дүниелерді үйреніп отыр деп ойлаймын. Сондықтан да бұл олар үшін үлкен тәжірибе. Әрі оқу орындарына үшін тарту үшін жасалынып отырған тың дүниелер. Ескерткіштерді қорғайтын халық. Осындай атаумен бастау алған халықаралық конференцияның бүгін екінші күні. Пленарлық жиын ертең де өз жалғасын табатын болады. Үш күндік конференция кезінде туризм бағытында білім беретін жоғарғы оқу орындары арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум бекітіледі.