Түркістан 26 қазан күні «Ескерткіштерді қорғайтын халық» халықаралық конференциясы өтпек. Дүниежүзілік мұраларды сақтау, зиярат ету туризмі бойынша тәжірибе алмасуға 20 елден 60 сарапшы қатыспақ. Осы орайда шаһарымызға келген алғашқы шет елдік қонақтардың бірі, Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті Джонатан Гранофф Яссауи мұрасының рухани құндылығы турасында айтып берді. Қазақстанда рухани құндылықтар көп. Яссауидың ілімдерін оқысаңыз, олардың барлығы махаббатқа, Құдайға деген сүйіспеншілікке және адамзатқа деген сүйіспеншілікке толы. Ал әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби Шығыстың айырықша ойшыл ағартушылары деп аталатын адамдардың қатарына жатады. Оның зерттеулері орта ғасырдағы араб философиясының қалыптасуына өте зор ықпал етті. Түркістан облысына келіп, осындай ұлы тұлғалар мекен еткен жерлерді өз көзіммен көріп, танысып жүрмін. Бұл алдағы өтетін халықаралық конференцияда қозғайтын тақырыптарым үшін өте маңызды.