Мегаполисте «есірткі картасы» жасалмақ. Осы мақстта «Шымкент – есірткісіз қала» жалпықалалық науқаны өтіп, психотроптық заттар қойылатын орындар анықталып жатыр. Нашақорлықтың алдын алуды көздеген шараға 1500 жас пен ерікті қатысты. Шара аясында есірткі мен психотроптық заттардың жарнамалары жойылды. Шымкентте есірткі тасымалдаушылардың қай жерге улы затты ең көп жасырып кететіні анықталып жатыр. Осылайша енді «есірткі картасы» жасалмақ. […]