Түркістанда Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың мәжілісі өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев төрағалық жасап, сала мамандарының жұмыстарымен танысты. Кездесуде «Көкнәр», «Допинг» тағы басқа алдын-алу операцияларының нәтижелері туралы айтылды. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2023 жылдың 8 айында облыс аумағында есірткімен байланысты 401 дерек тіркелген. […]