Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен айып тағылған Шымкент қаласының екі тұрғынына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын 4 айға ұзарту туралы өтінішті қарады. Тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижесінде олардан жалпы массасы 9705.0 грамм гашиш, 1010.0 грамм апиын, 3985.0 грамм гашиш және 690.0 грамм героин есірткі заттары анықталып, алынған. […]