Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 48 жастағы Жамбыл облысының тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Белгілі болғандай, ол Жамбыл облысындағы жайылымдардың бірінде өздігінен өсіп тұрған жабайы құрамында есірткі заттар бар қарасораны жұлу арқылы кептіріп, майдалап жалпы салмағы 14 076,25 грамды құрайтын, яғни аса ірі мөлшердегі есірткі заты – марихуананы өткізу мақсатында заңсыз алып […]