Флебология және лазерлі медицина клиникасында Еуроодақ пен Қазақстан ынтымақтастығының аясында Эстониялық профессор Маргус Аннуктың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шара барысында Эстониядағы Денсаулық сақтау жүйелерінің іргелі қағидаттары, озық еуропалық цифрлық платформалар тәжірибесін ҚР Денсаулық сақтау жүйесіне енгізу мүмкіндіктері талқыланды. Конференцияға эстониялық сандық медицина саласының профессорынан құнды ақпарат алуға қалалық және облыстық емханалардың дәрігерлері жиналды. Олардың қатарында […]