Шымкенттегі этносаябақта жүздеген қарағай қурап жатыр. 45 градус ыстыққа төзімді деген селекциялық өнім қыстағы -25 градус суыққа үсіп кетті дейді мамандар. Енді 700-ге жуық ағашты кесіп тастауға тура келеді. Дегенмен жауаптылар қарағайларды мүмкіндігінше аман алып қалуға тырысатынын айтып отыр. Шымкент қаласына кіреберістегі Бәйдібек би атауымен танымал этнопаркте қарағайлар қурап жатыр. Мыңдаған қарағайды саябақ ашылатын кезде […]