Елордада «Еуразия» сервистік орталығын құру бойынша меморандумға қол қойылды. Ақмола облысының әкімдігі мен Янчжоу муниципалды халық үкіметінің арасында жүргізілген келіссөзге еліміздің Құрылыс және өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев мен елшілік өкілдері қатысты. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бастамасымен ұйымдастырылған шарада шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалу қажеттігі туралы айтылды. Бұдан бөлек, «Асар» шағынауданының пилоттық жобасын салу туралы бірқатар мәселелер […]