Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне қарасты департамент басшысы мен бөлім басшысының міндетін атқарушы парамен ұсталды, – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысында фармацевтикалық бақылау саласындағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық жасағаны әшкереленген. Олар жүйелі түрде пара алып келген. Дәріхана бизнесін ашқысы келген шағын бизнес өкілдеріне лицензия беру үшін […]