Қараусыз қалған «Фосфоршылар» мәдениет үйі жыл соңына дейін қала әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық меншігіне өтеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің Әл-Фараби ауданының есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан «Фосфоршылар» сарайының бүгінгі ахуалы бойынша мәселе көтерілген еді. Халықтың сұранысын тыңдап, қала басшысы нысанға арнайы барып, жағдайымен танысқан болатын. Нәтижесінде, қала әкімінің тапсырмасымен қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен […]