Қазақстан Францияға жылқы етін көптеп жеткізуге мүдделі. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин айтты. Франция президентінің ресми сапары барысында шетелдік делегацияның өкілдері қазақтың жылқы етін жеп көрген. Жұманғариннің айтуынша, қонақтарға ұнап қалған. Тіпті, тағы салып беруді сұраған. «Кеше француздармен жылқы етінің экпорты туралы сөйлестік. Себебі Франция ол етті тұтынатын мемлекеттерге жатады. Қазір бізде Жапонияға […]