Тәуелсіздік алған 33 жылдың ішінде Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жүгері және бал құмайдың 50-ден астам гибридті сұрпын шығарды. Олардың барлығы – қуаңшылыққа төзімді, әрі таптырмас мал азығы. Селекциялық жұмыс мал шаруашылығының дамуына серпін береді, дейді ғалымдар. «Тұран-480», «Тұран-680», «Тәуелсіздік-20»: қазақ селекционерлері шығарған жүгері түрлерінің бірсыпырасы осылай аталады. Олар әртүрлі ауруларға төзімді. […]