15-сәуір – Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні. Ғашықтар күніне орай Шымкентте «Бозбала мен бойжеткен-2023» байқауы өтті. Дәстүрлі сайысқа қатысу үшін биыл 30-дан аса жұп ниет білдірген. Ал финалдық кезеңде әр жоғары оқу орнының үмітін үкілеп 8 жұп бақ сынады. 4 кезеңнен тұратын байқауды өткізудегі басты мақсат – жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрді насихаттау дейді ұйымдастырушылар. […]