Шымкентте бір күнде 2 адам газдан уланып, қайтыс болды. Тағы екеуі ауруханаға жеткізілген. Оқыс оқиға 9 ақпан күні орын алған. Мамандардың айтуынша, қайғылы жағдайдың бірі Клара Цеткин көшесіндегі, ал екіншісі Қазығұрт шағынауданында жеке үйлердің бірінде болған. Оқиға орнына барған жедел топ газ қолдану ережелерінің бұзылғанын анықтаған. Жалпы газ жабдықтарын дұрыс қолданбаған азаматтарға қандай шара қолданылады? […]