Ел аумағындағы гидротехникалық құрылыстардың 24-і апатты жағдайда тұр. Ал 1 000 астам гидронысан талапқа сай емес. Сенатор Сәкен Арубаевтың айтуынша, инфрақұрылымның нашарлығынан судың біраз бөлігін жоғалтып жатырмыз. Оған қоса соңғы 10 жылда елімізде 300-ден астам су тасқыны болған. Бұған осы гидротехникалық құрылыстардың талапқа сай болмағандығы да басты фактор болды. Мыңға жуық нысанның тіпті техникалық құжаты […]