2009 жылғы санақпен салыстырғанда Қазақстан халқы 20 пайызға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, бүгінде елімізде адам саны 2 млн-нан асқан өңірлердің жалпы саны үшеу. Олар: Алматы мен Түркістан облыстары және Алматы қаласы. Ал халық саны күрт өскен аймақтар арасында бірінші орында – Астана қаласы тұр. Елордада 2009-шы жылдан бері халық саны 2 есе артқан. […]