Арбат алаңында «Халық заңгері» акциясы өтті. Онда қала тұрғындары құқық қорғау органдары мен басқармалардың мамандарына өзін толғандырған мәселесін жеткізді. Жауаптылар кеңестерін беріп, проблеманың шешу жолын ұсынды. Қала тұрғыны Қайырхан Жүнісов 2006 жылы Тұран шағынауданынан жер сатып алған. Алайда меншік иесі 2012 жылы оның қызыл сызыққа түскенін біліпті. Мамандар ол жер учаскесі арқылы жол жүргізілетінін айтқан. […]