Түркістан облысы, Састөбе кентіндегі аурухананың балалар бөлімі жабылды. Осылай деген түлкібастық тұрғындар енді алты мыңға жуық халық қажетті ем-дом алу үшін орталық ауруханаға баруға мәжбүрміз дейді. Ал алыс жолға қаражаты жетпегендер үйде өз бетінше ауырудан айығудың амалын іздейді. Зүлфира Қосалиева қыстыгүні суық тиіп, төсек тартып жатқан немерелері үшін алаңдайды. Өйткені қақаған аязда қырық шақырым жердегі […]