Тазартылған сарқынды сулар сақталатын Бөржар жинақтағышының айналасындағы экологиялық жағдай жақсаруда. Тоғанға хлорелланың жаңа партиясы құйылды. Петропавл су зерттеу ғылыми-техникалық орталығынан Шымкентке 920 литр арнайы сұйықтық жеткізілді. Бұл 2024 жылдың басынан бастап өсірілген микроорганизмдердің 4 партиясы. Хлорелла-тазартылған ағынды сулардағы қалдық зиянды заттарды жоятын микроорганизм. Ол оттегінің көп мөлшерін бөледі. Сонымен қатар, хлорелла балықтардың қорегі болып табылатын […]