Алматыда Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостелде шыққан өрттен 13 адам қаза тапты. Олардың бірі – Шымкент тумасы, 15 жастағы студент. Ол Алматыдағы колледждердің бірінде білім алып жүрген. Өрт құрбандарының тізімін Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы желі парақшасында жариялады. Қайтыс болған 13 адамның екеуі – Ресей, екеуі Өзбекстан азаматтары. Қалған 9-ы қазақстандықтар. Олардың төртеуі Түркістан облысының тумалары. […]