«Işiklar Holding» басшыларымен Түркістанда жаңа зауыт ашу мәселесі талқыланды

Түркияның «Işiklar Holding» компаниясы Түркістанда ірі өндіріс орнын ашуға ниетті. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аталған компания басшыларымен онлайн режимде келіссөз жүргізіп, жобаларды талқылады. Келіссөзге «Işiklar Holding» компаниясының бас директоры Волкан Гиришкен, компания жетекшілерінің бірі Хусейн Ока және Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы да қатысты. Облыс әкімі Түркістанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді.  – Түркістан қаласының келешегі жарқын. Ауқымды жоспарлар бар. Арнайы экономикалық аймақта инвестоларға қолайлы жағдай жасаймыз. Одан өндірісті дамыту бағытында көптеген істер атқарылады. Әсіресе түркі мемлекеттерінен келетін кәсіпкерлер өңірімізде жемісті жұмыс істеп жатыр. «Işiklar Holding» компаниясының ұсынысын қолдап, бірлесе жұмыс істеуге, бұдан да бөлек өндіріс орындары бойынша әріптестік орнатуға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.  «Işiklar Holding» компаниясының бас директоры Волкан Гиришкен Түркістандағы браунфилд аумағында құрылыс материалдарына арналған қаптамалар шығаратын зауыт ашуға ниетті екендерін жеткізіп, жобаны таныстырды. Инвестор Түркістандағы жобаға 12 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр. Жобаның бірінші кезеңінде 5 млн. доллар көлемінде инвестиция салып, 50 адамды жұмыспен қамту көзделген. Келіссөздер сәтті аяқталып, инфрақұрылым мен жер әзірленсе, жоба 2023-2024 жылдары жүзеге аспақ.  Облыс әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық инвесторларды Түркістанға шақырды. Сол кездесуде екі тарап мәселені жан-жақты талқылап, тиісті келісімдерді қарастырады. Сонымен бірге инвестор жобаға қажетті инфрақұрылыммен де танысады.  «Işıklar Holding» холдингі 1974 жылы химия, агроөнеркәсіп, энергетика және экономиканың басқа да салаларында өз қызметін жүргізетін компаниялар тобы ретінде құрылған. Бүгінде аталған компания әлемнің 50-ден астам еліне өз өнімдерін экспорттап отыр.   

Читать источник turkistan.tv
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды