Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстанда іскерлік белсенділік оң аймақта тұрғанын мәлімдеді. «2023 жылдың мамыр айында әлемдік нарықтарда оң үрдіс сақталды. Қаржы нарығында тұрақтылық орнап, инфляция баяулай бастады. Алайда, әлемдік экономиканың даму перспективаларына жоғары белгісіздік әсер етіп отыр. Мамырда жаһандық іскерлік белсенділіктің қарқыны екпінді болды. PMI жаһандық композиттік индексі 2021 жылғы желтоқсаннан максималды […]