Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсімі 4,2 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты. Оң динамика әсіресе құрылыс, көлік, өңдеу өнеркәсібінде байқалады. Атап айтсақ, нақты секторда 5,1%, қызмет көрсету саласында 3,5%. Инфляция да ырыққа көнер емес. Биыл баяулағанның өзінде 9,3% болған. Қымбаттаған азық-түліктің қатарында тұрғындар үшін маңызды күріш, жұмыртқа, жеміс, […]