Инфляцияны төмендетуге бағытталған шаралар кешені нәтиже бермеді. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов осылай деді. Ол ұлттық экономика министрлігіне инфляцияны есептеу әдістемесін өзгертуді ұсынды. Өйткені, қазіргі экономиканың құбылуы бірінші кезекте қарапайым халыққа салмақ салып тұр. Ал инфляцияның төмендейтін түрі жоқ. Дептутат бағаны ұстап тұрудың орнына азаматтарға көмек беру керек деген пікірде. Қазақстандықтар табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды. […]