Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында бүгінде әлеуметтік мәселелер шешімін тауып келеді. Ауданның кәсіпкерлері аталған мәселелердің шешілуіне біркісідей атсалысуда. Аудан кәсіпкерлері әлеуметтік нысандар салып берсе, енді бірі көпір жөндеп, тағы бір жол жөндеу жұмыстарын атқаруда. Мұның барлығы да ауданның дамуына қосқан үлестері екені анық. Жуырда Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов өзінің іс жоспарына сай Қазығұрт және […]