Бүгінде ел экономикасы, оның дамуы туралы ойланбайтын адам жоқ. Расында солай. Таксиге мінсеңіз, тіпті, сарапшылар таксистер ме деп қаласың… Шындығында, қордаланған мəселелер қоғамның өзегі саналатын салада баршылық. Мысалы, біз шикізатқа тəуелді елміз. «Бізде еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрт көріп отырған жоқ», деп Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2022 жылдың 1-ші қыркүйегінде халыққа […]