Жыл басынан бері қазақстандықтар интернет-алаяқтарға 11,3 млрд теңге берген. ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, бүгінде банк саласындағы интернет-алаяқтық бүкіл әлемде таралған. Соңғы бес жылда Қазақстанда олардың саны бес есеге өскен. «Биыл 13746 интернет-алаяқтық тіркелді. Салдарынан 13,5 мыңнан астам азамат зардап шекті. Оның 70 пайызы қала тұрғындары, қалған отыз проценті ауылдық елді мекендерде […]