Елімізде 2025 жылы пайда болатын контейнер хабы туралы тың мәліметтер жария етілді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша ол үшін 14 миллиард теңге жұмсалмақ. Ауқымды жоба араб инвесторларымен бірлесіп іске асырылуы мүмкін. Соның арқасында теңіз портындағы контейнер тасымалы 40 мыңнан 215 мыңға дейін яғни, бес жарым есе артпақ.