Премьер-министр Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысында инвестиция тарту бойынша жоспарды орындамаған өңір әкімдерін сынады. Жиын барысында инвестиция тартуда көш соңында қалған облыс әкімдері премьерден сөз естіді. «Кейбір өңірлерде инвестиция 1-2%-ға ғана өскен, әкімдіктер оны жетістік деп түсіндіруге тырысады. Бірақ бұл – жақсы көрсеткіш емес, жүйелі жұмыстың жоқтығының белгісі. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес республика бойынша өсім […]