Үкімет іскерлік ахуалды жақсарту үшін 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын қабылдады. Бұл сапалы тауарлар өндірісін арттыруға бағытталған. Құжат Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысында бекітілді. Жиында Үкімет басшысы фискалдық реттеуді қайта қарау, мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыру, экономиканы де-карбонизациялау және цифрлық трансформациялау жұмыстары жалғасатынын айтты. Шараға қатысушылар Кеңестің бірлескен тұрақты жұмыс топтарының […]