Қазақстандықтарға ипотека алу қиындай түсті. Тиісінше, берілген ипотекалық қарыз саны азайды. Бұл Ұлттық банктің қаржы институттары арасында жүргізген сауалнамасының нәтижесі. Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары өткен жылмен салыстырғанда биыл нарық деңгейі қалпына келеді дейді. Нұрай Исаева ата-анасымен бірге тұрады, бірақ жалдамалы баспана іздемекші. Оған қоса, ипотекалық бағдарламаларды қарастырып жүр. Банктердегі пайыздың жоғары екені белгілі. Банктен несие […]