Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында белгісіз адамның қала көшелерінің бірінде “Opel Astra” маркалы автокөлігіне байланған итті сүйреп бара жатқан бейнежазбаға назар аударды. Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының инспекторлары “Қорғау” қосымшасының көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Құқық бұзушыны тиісті әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін деректер […]