Полицейлер түнгі рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде халық көп шоғырланатын жерлерде «жабайы» саудамен айналысып жүрген 15 жастағы қызды анықтады. Жасөспірімді тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін оның заңды өкіліне қатысты әкімшілік шара қабылданды. Оқушылардың күзгі каникулында ұқсас құқық бұзушылықтары үшін көшелерде заңсыз саудамен және ақша жинаумен айналысқан тағы 8 баланың ата-анасы жауапқа тартылды. […]