1 қазандағы жағдай бойынша республиканың 827 кәсіпорны 20,6 мың жұмыскерге 5,9 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша қарызы бар. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 127 нұсқама беріліп, 134,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде […]