Түркістан облысында полицияға белгісіз адамнан қоңырау келіп түсті. Онда Жетісай ауданы оқу орындарының бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарланған. Оқиға орнына шұғыл түрде арнайы қызметтер шығып, оқушылар мен мектеп әкімшілігін эвакуациялады. Тексеру кезінде хабарлама жалған болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының полицейлері жарылғыш құрылғы туралы хабарлаған кәмелетке толмаған 11 сынып оқушысының жеке басын анықтады. […]