Шымкентте жалған купюра және есірткі сатқан тұрғын мен оның сыбайласы ұсталды. Аталған факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді. Ведомство мәліметінше, тергеу барысында агенттік қызметкерлерінің бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілген. Кейінірек сарапшылар қорытындысымен сатып алынған зат жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткісі екені расталған. Сонымен қатар аталған ер адам жалған 10 […]