Жамбыл облысында наурыз айының орта тұсында көктемгі дала жұмыстары басталады. Маңызды кезеңді ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында материалдық-техникалық қажеттіліктер толығымен дайындалып, агротехникалық шараларды мерзімінде өткізу жұмыстары бақылауға алынды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшенов хабарлады. 2024 жылы 488,5 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. 647 мың тонна тәтті түбір жиналып, 597 мың тоннасы қант […]