Шымкенте мұнай өңдеу өнімдерін өндіру бойынша 14 кәсіпорын жұмыс істейді. Солардың қатарында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» және «HILL Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС республикадағы мұнай өңдейтін үш зауыттың бірі. Ірі кәсіпорында автомобиль бензиндері, дизель отыны, авиациялық керосин, сұйытылған газ, қыздырғыш мазут, вакуумдық газойл өндіріледі. Зауыттың өндірістік қуаты жаңғыртудан өткеннен кейін өнім […]