Шымкент қалалық перзентханасында 1 қаңтар түні 18 сәби жарық дүние есігін ашты. Оның 10-ы қыз болса, 8-і ұл бала. Барлығының жағдайы бірқалыпты. Жаңа жылдық мереке күні нағыз сый болған балалар мен аналардың денсаулығы жақсы дейді ақ халаттылар. 21 жастағы Әсел Құлжан жаңа жыл мерекесінде шекесі торсықтай ұл босанды. Айбар есімді батыр отбасының екінші перзенті. Салмағы […]