Ислам Сүлейменовтің оқиғасын сиқырлы мереке қарсаңындағы нағыз ғажайып деп атауға болады. 14 жастағы Ислам Шымкенттегі №4 балалар үйінде тәрбиеленуде. Ол кішкентайынан полиция қызметкері болуды армандап, форма киген, патрульдік көліктегі адамдардың жұмысын қызыға бақылайды екен. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің арманын жүзеге асыруды ұйғарып, полиция департаментіне шақырды. Мұнда Исламға полиция басқармасының «жүрегі» – жедел […]