Жаңа жылда мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға артады. Оған бюджеттен бір триллион теңгеден астам қомақты қаржы бөлінді. Сондай-ақ қаңтардан бастап «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске аса бастайды. Ауқымды бағдарлама аясында үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешу көзделген. Ұстаздардың жалақысы 2020-дан бері жыл сайын 25 пайызға өсіп келеді. Үш жылда 75 пайызға көтерілді. Енді жаңа […]