Қыркүйекте Шымкенттегі «Құрсай» шағынауданының халқы ауыз сумен толық қамтылады. Бүгінде бұл шағынаудан тұрғындары суды кестемен тұтынып отырғандардың қатарында. Сол себептен мұндағы 25 мыңға жуық халықты сапалы сумен қамту мақсатында 2020-2021 жылдары 2 кезеңнен тұратын жоба жасалған болатын. Онда магистралды суаққы мен ішкі орамдық ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде бірінші кезең жұмысының 98 пайызы орындалған. […]