Жаңа туған нәрестелерді саудалады деген күдікпен бес адам оның ішінде жалған құжат жасаған АХАЖ қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың қылмыстық әрекеттің алты эпизодына қатысы бар екені дәлелденді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жаңа туған нәрестелерді саудалаған қылмыстық топқа қатысты ұзаққа созылған тергеп-тексеру амалдары тамыз айында аяқталды. Ұйымдасқан топ баласы жоқ жұптарға нәрестелерді заңсыз түрде […]