Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырма төртінші сессиясы өтті. Сессия барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірнеше мәселе қаралды. Басты жаңалық – Боранбай Болатбеков жаңадан құрылған Тұран шағынауданының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарған. Боранбай Нығметұлы – 1964 жылы Ақмола облысы, Ерейментау ауданынында дүниеге келген. Инженер-механик, экономист мамандығы […]